Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білемін – А. Атамбаев

0
75

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімінде көптеген іс-әрекеттері мен жалдам бірақ ойластырылып айтылған сөздерінің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Regnum.

А.Атамбаев салтанатты шарада сөйлеген сөзінде

«Көбісі мені, Атамбаев «тағы да артық сөйледі» деп айтып жатады. Дегенмен мен әр сөзімді қызуқанды айтқаныммен, барлық мәлімдемелерімді ойланып барып жасаймын. Кейбер мәлімдемелерімнен кейін алдағы уақытта өте күшті жауларымның болатынын білдім. Мәселен мен Бішкектен АҚШ-тың әскери базасын шығарып тастағанымда бұған ешкім сене алмаған болатын. Тіпті америкалықтардың өздері де сенімсіздік танытты. Иә олар бізге көмектесті және алдағы уақытта да көмектесер еді. Бірақ біз осы базаны өзімізде орналастыру арқылы көршілерімізді, екі ұлы держава Қытай мен Ресейді  ренжітіп алдық. Қырғыз елінде «алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» – деген мақал бар. Әрине Сэм көке бізге туыс болмаса да көмектесер еді. Дегенмен бірінші кезекте көршіңмен тату болу қажет. Әсіресе, Ресей мен Қытай секілді көршілеріңмен татулықты ұстау қажет. Әрине кейде керісінше көршілермен қарым-қатынасты бұзуға да тура келеді. Сіздер мені Кәрімов кешірмейтінін білгенде қуанды деп ойламаңыздар. Сіздер ойламаңыздар мені Назарбаевтың да ешқашан кешірмейтінін білмеді деп. Егер мен БҰҰ-да үндемей қалғанымда қазір елді «шабарман» басқарып отыратын еді»,

– деп мәлімдеген.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси дау 2016 жылдан бастау алған болатын.

2016 жылдың мамыр айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Қырғызстандағы жұмыссыздықтың кесірінен жас қырғыз қыздары Мәскеудегі қоғамдық дәретханаларда жұмыс істеуге мәжбүр», деген сөздеріне пікір білдіріп

«Өзін өзгелерден жоғары санайтын ұры министр болғаннан көрі тазалаушы болған артық»,

– деп мәлімдеген еді.

Елбасы Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесуінен кейін арадағы даулы жағдай күшейіп, Қырғыз елінің басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігі “елдің ішкі саясатына қол сұқты” деп айыптап, Қазақстанға қарсылық нотасын жіберген. Қазақстан тарапы қырғыз билігінің бұл қарсылығын негізсіз екендігін айтып, жауап қатқан болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз