Назарбаев: Стадион қазақтың ұлы ақынының атында қалуы керек

0
470
Семейдегі "Абай Арена" спорт кешені.

18 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де Қазақстанның бірінші президенті Семейде “Абай аренасы” стадионына өз есімін беруге қарсы екенін хабарлады.

“Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің “Абай арена” стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай “құрмет-қошеметке” қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс” деп жазды Үкібай.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында спортшы, қоғам қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, жастар, ҮЕҰ, БАҚ және белсенділер Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге және “Абай арена” стадионынаелдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған. Олар бірінші президент “Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне” орай осындай бастама көтерген деп айтылады.

Жергілікті мәслихат депутаттары бұл ұсынысты қалалық мәслихаттың жақын сессиясында қарастыруды бір ауыздан қолдаған.

Бастама көтерілгеннен кейін желіде қарсы пікірлер көбейген. Қолданушылар “жағымпаздық пен бассыздықтың шеті мен шегі жоқ па?” деп бұл бастамаға қарсы шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз