Үндістанмен тұрақты әуе рейстері қайта ашылады

0
110
Air Astana ұшағы.

15 қарашадан бастап “Эйр Астана” әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

“Ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат етілді”,- делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз