Студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың есірткі үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған орай, ішкі істер қызметі студенттік жатақханаларда рейд ұйымдастырды. Жатақханаларда тұратын студенттерге кез келген психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатуға қатысқаны үшін жаза туралы ескертілді. Мәселен, мефедрон сияқты синтетикалық препараттың 1,5 грамын өткізгені үшін 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сонымен қатар, рейд барысында қызметтік иттері бар кинологтар жатақханалардың үй-жайларын есірткінің бар-жоғына тексеретіні айтылды.
Бір апта ішінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, осындай 25 рейд өтті, деп жазылған хабарламада.