Некеге тұруға өтінішті енді мобильді қосымша арқылы беруге болады

0
253
photo: gov.kz

Енді азаматтар Halyk Homebank және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Halyk Homebank және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш беру бойынша сервистері іске қосылды.

Halyk Homebank және Kaspi.kz мобильдік қосымшалары арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі және екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет.

15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мерзім бұрын 1 айды құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз