Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметін өтегендерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер биыл наурыз – маусымда және қыркүйек – желтоқсанда запасқа шығарылады.

  • Олар:
  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері;
  • Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі.

Тура сол уақытта әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар осы органдарға әскери қызметке шақырылады.

Жергілікті атқарушы органдарға әскери қызметке шақыру шараларын ұйымдастыруға тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз