Президент тұрғын үйге қатысты жаңа бағдарлама ұсынды

0
91
дереккөзден

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Н. Назарбаев жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдардамасын ұсынды.

Бірлескен отырыс барысында  жаңа бес  бастама ұсынған мемлекет басшысы, солардың алғашқысы – әр отбасыға пәтер алуға жаңа мүмкіндіктер екенін алға тартты. Қазақстан азаматтарының тұрғын үйге қол жеткізуінде мемлекет тарапынан біраз жұмыстардың жасалғанын атаған мемлекет басшысы өткен жылы тұрғын үйдің 11,2 миллион шаршы метрі енгізілгенін алға тартты. Бұлар абсолютті рекордты сандар екенін дегенмен, мұның өзі тұрғын үйге қол жеткізуде аз болып жатқанын айтқан президент әлі де көп отбасылардың басында баспанасы жоқтығын алға тартты.

Президент «7-20-25» бағдарламасында ұсынылатын негізгі талаптарды атады. Яғни әрбір еңбекпен қамтылған қазақстандық теңгемен алынатын ипотекалық несиені келесі шарттар бойынша алуына мүмкіндігі болады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан көп емес. Алғашқы салым – 20 пайыздан артық емес. Несие мерзімі 25 жыл.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз