Ranking.kz: Қазақстанда ажырасу азайды

0
615

Қазақстанда пандемия кезінде ажырасу үш есе азайған. Ал үйлену 16%-ға қысқарған. Бұл туралы ranking.kz порталы хабарлады.

Былтырғы жылдың үш тоқсанында Қазақстанда 87,6 мың жұп некелескен, 17,3 мың жұп ажырасқан. 2019 жылмен салыстырғанда неке саны 15,7%- ға, ал ажырасу бірден 2,6 есе азайған.

Басқа елдерде жағдай әртүрлі. BBC агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың бірнеше айында қатаң карантин болды, бұл әлемдегі ажырасу санына айтарлықтай әсер еткен. Мысалы, Ұлыбританияда ресми ажырасу саны шамамен 20%-ға өскен. Канада мен Қытайда жағдай осыған ұқсас.

Дегенмен Қазақстандағы ажырасу динамикасын барлық мемлекеттік институттар мен инстанциялар қалыпты жұмыс кестесіне оралған кезде барлық шектеулер алынып тасталғаннан кейін талдау мағыналы болмақ.

Қазақстанның барлық өңірлерінде некелесу азайған. Үйленгендердің азаюы бойынша Шымкент (-27,4%) көш басында тұр, одан кейін Қостанай облысы (-19,8%) және Алматы (-18,3%) тұр.

Ажырасу да барлық өңірде азайған. Ажырасу Қызылордада (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында азайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз