Ресейде мектеп оқушысы қазақ радиосын ашты. Омбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілінде хабарлама тарататын радионы онлайн режимде тыңдай алады. Ресейде туып-өскен жасөспірім жазғы демалысын Қазақстандағы ата-әжесінде қасында өткізіпті. Сол кезде мектеп оқушысының қазақ тіліне деген қызығушылығы оянған.
Илья ГАЛЬЦОВ, РАДИО ДИРЕКТОРЫ: “Радио арқылы біз қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттаймыз. Қазір грант байқауына қатысып жатырмыз. Кейін бүкіл Ресейге жарияланатын әуе толқынды алғымыз келеді. Нәтижесінде Ресейдің кез келген жерінде жүрген қазақтар ана тілін жаттап, тарихи отаны жайында бүкіл жаңалықтардан хабардар болады”.
Бүгінде тек Омбы облысының өзінде 80 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады.