Республикалық бас мешітке имам тағайындалды

0
315
Нұр-Сұлтанда жаңадан ашылған мешіт.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық бас мешітке имам тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

“ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын”, – делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.
Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасаған.
Возможно, это изображение 1 человек и стоит
Айта кетейік, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, “Әзірет Сұлтан” мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы “Зекет және қайырымдылық” қорының директоры қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз