Сағынтаев Ақордаға жиналған көп балалы аналармен кездесті

0
47

Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет өкілдері елордадағы көп балалы аналармен кездесті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

“Менің тапсырмама  сәйкес Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет өкілдері көпбалалы аналармен кездесті.Олардың мәселелері ертең жұмыс тобы шеңберінде қаралатын болады. Заңнамаға сәйкес, мәселелерді тыныш, іскерлік жағдайда шешу керек”, – деп жазды Мемлекет басшысы дүйсенбі күні кешке.

3 маусымда көп балалы аналар мемлекет басшылығынан тұрғын үй мәселесін шешуді сұрастырып Үкімет үйінің алдында жиналды.

Аналарға  Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және елорда әкімі Бақыт Сұлтанов келді. Ресми тұлғалар бірнеше рет қалың жұртшылыққа үн қатып, олардың тыныштығын сұрады.Кейінірек Сапарбаев, Сұлтанов және индустрия және инфрақұрылымды дамытудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көп балалы аналарды бірлесіп қабылдауды бастады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз