Сбербанк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты

0
78

Ресейлік қаржы ұйымы Сбербанк 2017 жылдың 18 қыркүйегінде құрылыс салушыларымен бірге жаңа «Үлестік қатысумен тұрғын үй кредиті» жобасын іске қосты.

Сбербанк басқарма төрағасының орынбасары Алексей Акимов: «Жаңа жобаның елге тиімдісі, әрі халықтың қызығатыны пәтерлердің құрылыс кезінде әдеттегі бағадан едәуір төмен болуында. Әрі клиенттерге кредиттік жүктемесі де азырақ болады. Пәтер бағасы әдеттегіден 25%-ға төмендегендігі де халықтың игілігіне шешіледі», дейді.

ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу» туралы заңына сәйкес құрылыс нысанына жауапты мердігерлер тұрғындарға нысанның толық әрі уақытылы орындалуына кепілдік береді. Алдағы уақытта клиенттер пәтерлерді құрылыс кезінде қол жетімді бағаға сатып ала алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз