Шымкент қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 17-ші аймақ нөмірлік белгілерін бере бастады. Бұл туралы аймақтағы “Азаматтарға арналған үкімет” баспасөз қызметі хабарлайды.
“17” саны бар белгінің иегерлерінің алғашқысы Шымкент қаласының тұрғыны – Әлия Оңалбек. Бүгін Ә. Оңалбек өз автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.
Бұған дейін белгілі болғандай Шымкент республикалық маңызы бар қала статусына ие болды, Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл жайтқа байланысты автокөліктегі аймақ нөмірлерін ауыстыруға тура келді. Енді Шымкент қаласы тұрғындарының автокөліктегі аймақ нөмірі – “17”. Түркістан облысы тұрғындарының автокөлік нөмірлері “13” болып қала береді.
Сафина Саид