СІМ: Қазақстандықтар eGov.kz қызметін шетелде қолдана алады

0
160
Photo: tengrinews.kz

Енді шетелде жүрген қазақстандықтар eGov.kz интернет-порталы арқылы некеге тұруға немесе ажырасуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжат тапсыра алады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қандай да бір құжатқа өтініш берген жағдайда дайын куәлікті Қазақстанның шет елдердегі елшілігінен немесе консулдығынан алады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік әлемнің 20-дан астам елінде бар.

Неке қию туралы:

eGov.kz порталының “Отбасы” бөлімінде неке қиюды немесе ажырасуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті тауып, қажетті жолдарды толтыру керек және консулдық алым төлемі туралы чекті жүктеп, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-құпиясөз арқылы сұрау жібереді. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімге келісу туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті жолдарды толтырып, сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі – 1 ай.

Туу туралы куәлік алу:

Шетелде жаңа туған баланы тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолдарды толтырып, сұралған құжаттарды жинап, консулдық алымды төлеу туралы чекті жүктеп және өтінішке қол қоюы қажет. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі бір айға созылады.

Қайтыс болуды тіркеу:

Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсетіп, қажетті жолдарды толтырып және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз