Сириядан қайтарылған жиырма қазақстандық қамауға алынды – ҰҚК

0
107
дереккөзден

Жусан-2 операциясы негізінде Сириядан қайтарылған жиырма қазақстандық ДАИШ* лаңкестік ұйымына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы 13 мамырда сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев хабарлады.

Бақытбек Рақымбердиев/ kazaknews.kz

“ҰҚК атынан қайтарылған азаматтардың Нұр-Сұлтан,Алматы қалалары, сондай-ақ Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары екендерін айтқым келеді. Аталған азаматтар өз еріктерімен елге қайту турадлы шешім қабылдады”, – деген Рақымбердиев Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел адам ДАИШ* тараптас лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды деді.

ҰҚК өкілі қалған қайтарылған әйелдер мен балалар Ақтауға жақын маңдағы арнайы бейімдеу орталығына орналасқандарын мәлім етті. Қазір оларды медициналық тексеру жұмыстары жүріп жатыр, бұдан өзге аталған азаматтармен психологтар, теологтар жұмыс істеп, құжаттары қалыпқа келтірілуде.

“Лаңкестік әрекетке қатыстары бар-жоғы да тексерілуде. Тексерістен кейін әйелдер мен балалар бұрын тұрған орындарына қайтадан барады”, – деді Рақымбердиев.


10 мамырда президент Қ.Тоқаев 7-9 мамыр аралығында Сириядан Қазақстанға 231 қазақстандық азаматтың эвакуацияланғанын хабарлады, оның ішінде 156 бала, олардың басым бөлігі мектеп жасына дейінгі балалар, 18-і жетім балалар.

Бұған дейін жылдың басында “Жусан” операциясы аясында Сириядағы соғыс аймақтарынан 47 отандас елге қайтарылған еді.

ДАИШ* – ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз