Маңғыстауда көші-қон заңнамасын бұзғандарға айыппұл салынды

0
123

Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1253 факті анықталды, оның ішінде 935 шетел азаматы, 318 ҚР азаматына қатысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сонымен қатар 20-ға жуық жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,5 млн теңгені құрады.

Жыл басынан қабылданған шаралар нәтижесінде үш ай ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны үшін 926 шетелдік, ҚР ӘҚБтК 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 300 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Үш ай ішінде өңірімізден 157 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті облыс тұрғындарын және шетелдік қонақтарды еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын қатаң ұстануға шақырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуді сұрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз