Қазақстандық астрофизиктер әлемде бірінші болып гамма-сәуленің жарылуын тіркеді

0
157
фото: liter.kz

Ассы-Түрген астрофизикалық обсерваториясына қарасты Назарбаев Университетінің телескопы 28 наурызға қараған түні гамма-сәулелерінің жарылысы деп аталатын ғарыштық оқиғаға бірегей және инновациялық бақылау жасады.

Гамма-сәулелік жарылыс – бұл ғаламда болатын ең жарқын электромагниттік жаңалық. Халықаралық ғылыми қоғамдастықтың ондаған жылдар бойғы күш-жігеріне қарамастан, олардың нақты табиғаты мен параметрлері әлі белгісіз.

Қазақстандық астрофизиктер әлемде бірінші болып гамма-сәуленің жарылуын тіркеп, 41 секундтан 30 минутқа дейінгі жарықтан кейінгі жарқырау туралы ең алғашқы мәліметтерді алды. Ғарыштық орбитадағы NASA телескопы 110 секундтан кейін ғана жарық «автошогын» бақылай бастаған. Өз баяндамасында NASA қызметкерлері бұл энергияның өсуін бірінші болып тіркеген қазақстандық обсерватория екенін растады. Тек отандық астрофизиктерде 41 секундтан 110 секундқа дейінгі бірегей деректер бар. Бақылаулар жүргізген 14 обсерваторияның бірі болып табылатын басқа жердегі телескоп біздің обсерваториядан кейін 30 минутта ғана гамма-сәулелік жарылысты бақылай бастағаны белгілі.

“Бұл бұрын-соңды жазылған гамма-сәулелерінің жарылуын оптикалық көп арналы бақылаудың ең жылдам түрі. Біз оқиғаны бір уақытта жасыл, қызыл және инфрақызыл диапазондарда бақылаймыз, бұл бізге сигнал спектрі туралы түсінік береді. Бақылау халықаралық ғылыми қауымдастыққа жарияланды”, – деді Жанат Мақсұт, Энергетикалық ғарыш зертханасы (ECL) жобалық тобының ғылыми-зерттеу инженері..

Бақыланған деректерді қазір зерттеушілер тобы мұқият талдап жатыр. Талдау толық зерттелмеген гамма-сәулелік жарылыстардың өзге де қырларын ашады деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз