Оралу Қоғам Түлектердің медиандық орташа жалақысы 155 621 теңгені құрады

Түлектердің медиандық орташа жалақысы 155 621 теңгені құрады

0
137

Биыл түлектердің орташа жалақысын объективті бағалау үшін олардың орташа жалақысын есептеу туралы шешім қабылданған, себебі бұл көрсеткіш түлектердің негізгі бөлігі алатын соманы көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов айтып берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Түлектердің медиандық жалақысы – 155 621 теңге. Ең жоғары жалақыны Маңғыстау облысының түлектері алатыны анықталды – 196 769 теңге. Ең төмен жалақы Шымкент қаласының түлектерінде – 124 895 теңге. Ең жоғары медиандық жалақы мөлшері «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағытына тиесілі, ол 221 841 теңгені құрайды”, – деді спикер.

Азамат Бейсенбеновтың айтуынша, ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында болды. Бұл көрсеткіш бағыт бойынша 88% құрады.

Өңірлер арасында жұмысқа орналасу деңгейі бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша бірінші орында – Батыс Қазақстан облысының түлектері (86%), екінші орында Алматы облысының түлектері(85%), ал үшінші орында Атырау облысының түлектері (84%). Ал, ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша анықталды, онда бұл көрсеткіш 73%-ды құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз