“Тұмар” телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

0
225
"Тұмар" телевизиялық жобасы

“Тұмар” ұлттық телевизиялық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы жоба ұйымдастырушылары хабарлады.

Телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін “Тұмар” ұлттық телевизиялық сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2019 жылғы 20 наурызда “Қазмедиа орталығының” Киноконцерт залында өтеді. Конкурс осымен үшінші мәрте ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, байқауға қатысуға бірегей телевизиялық жобалар жіберіледі. Сыйлық алуға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатыса алады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 22 ақпанда басталды және 2019 жылғы 10 наурызда сағат 18:00-де жабылады.

Еске салайық, “Тұмар” телевизиялық бәйгесіне қатысуға 2018 жылы 397 конкурстық өтінім қабылданған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз