Тәуелсіздік жылдары құрылған тұңғыш ауданның мемлекеттік қызметкерлері бір мезетте Әнұран шырқады

0
344
Мұнайлының мемлекеттік қызметкерлері.

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мерекені Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Маңғыстау облысында ашылған тұңғыш аудан Мұнайлының мемлекеттік қызметкерлері ерекше қарсы алды. Олар жұмыс күнін бір мезетте Әнұран шырқаудан бастады.

“Мұнайлы – Тәуелсіздік жылдары құрылған тұңғыш аудан. Еліміздің бет-бейнесін біздің ауданға қарап айқындауға болады. Жас та болса өзінің даму жолы бар біздің аудан үшін бұл мереке қымбат. Өйткені ел тәуелсіздігін әлем алдында біздің мемлекеттік рәміздеріміз айғақтаса, еліміздің даму қарқынының бет бейнесі – Мұнайлы ауданы бола алады. Мемлекеттік қызметкерлер арасында патриоттық сезімді ұлғайтып, мерекелік көңіл күй сыйлау үшін осындай шара ұйымдастырдық”, – деді Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров.

Қазір Мұнайлы ауданында 180 мыңға жуық халық тұрады. Ауданда халық санының өсуі жоғары. Орта есеппен Мұнайлыда жылына 4 мың сәби дүниеге келеді. Аудан құрылған 15 жылдың ішінде халық саны бірден үш есе өскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз