Табиғат қорғау мекеме қызметкерлерінің жалақысы екі есе өспек

0
108

1 шілдеден бастап орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% мөлшерде қосымша ақы тағайындалады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жалақы көтеру мәселесі адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыскерлерге, яғни мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына тағайындалған болатын.

Сонымен қатар, Министрлік орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілері мен кәсіподақтарының өкілдерімен бірлесіп, 2025 жылға дейін қосалқы персонал мен табиғат қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерінің жалақысын 2 есеге ұлғайту бойынша шешім қабылдады (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70% – ға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85% – ға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100% – ға).

Осылайша қаржы, ұйымдастыру және өндірістік-шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлерінің, жүргізушілердің, трактористердің, өндірістік және әкімшілік үй-жайларды тазалаушылардың және орманды қалпына келтіру, орман қорғау және орман шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын уақытша және маусымдық жұмысшылардың жалақылары өспек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз