Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды

0
100

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.

“Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз