Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өсті

0
158
фото: Pixabay

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына баға 0,1%-ға, жылдық мәнде 18,6%-ға өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (28 наурыз):

  • Айран 2,5% – 390 тг/л
  • Қырыққабат – 118 тг/кг
  • Сары май – 3602 тг/кг

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз