23 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Президент құқық қорғау қызметкерлеріне айрықша міндет жүктелгенін, олардың әрқашан ширақ қимылдап, батыл әрекет жасауы кәсібиліктің белгісі екенін атап өтті.

Ол азаматтардың мемлекеттік саясатқа, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға көзқарасы оның сөзі мен іс-әрекетіне тікелей байланысты екеніне, полицейлер мұны ешқашан ұмытпауы керектігін еске салды.

“Сіздерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Өкінішке қарай, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімі әлі де жоғары деңгейде емес. Әділетсіз жағдайлар, полицейлердің немқұрайлылығы, кейде олардың заңсыз әрекеттері Ішкі істер министрлігінің барлық құрылымының қызметіне сызат түсіреді. Жағдайды өзгерту үшін біз Қазақстан полициясында ауқымды реформаларды бастадық, біртіндеп қызмет көрсету үлгісіне көшеміз. Бүгінгі таңда тек қылмыспен күресу аздық етеді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең бастысы полицияның адамдарға бейімделуі маңызды. Менің тапсырмаммен Ішкі істер министрлігі бұл бағытта бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бірақ алда әлі жұмыс көп”,  – деді президент Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз