Президент электр самокат туралы заңға қол қойды

0
179
фото: Pixabay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев электро самокат туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда ақпаратында.

Аталған заң арқылы, «шағын электр көлігі құралы», «электр самокат» ұғымдары енгізіледі. Онда аталған көлік түрлерінің техникалық сипаттамалары көрсетіледі және пайдалану тәртібі құқықтық тұрғыдан регламенттеледі.

Заң бойынша электр самокаттардың жолда жүру ережесі төмендегідей:

– Электрлі самокаттар көлік құралы деп танылды;

– Олардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы керек (қалғандары мопедтерге тең)

– Электрлі самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз қозғала алады. Тротуарлар бойынша қозғалысқа сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен ғана рұқсат етіледі.

– Автобус жолағын қоса алғанда, автокөлік жолының жүріс бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен жүруге жол беріледі. Бірақ бұл үшін жүргізуші 18 жастан асқан, түймелі дулыға мен шағылыстыратын киімде (тәуліктің қараңғы уақытында) болуы керек және кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие болуы керек.

– Электрлі самокаттармен жүктер және жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз