Тоқаев облыс әкімдерімен жылу беру және су мәселесін талқылады

0
44
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 10 шілде. Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Photo: Facebook/BerikUali

11 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді. 

Оқи отырыңыз: Екібастұз жылу электр орталығында тағы апат болды

Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды.

Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апатты жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатқанын хабарлады.

Тоқаев берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыс әкімдеріне жекелей жауапкершілік жүктеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз