Тоқаев ресми түрде Қазақстан халқына ант берді

0
316
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бүгінгі, 26 қарашадағы инаугурация – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі.

Президент Қазақстан халқына ант беріп, сол сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналды. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.

Айта кетейік, 21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы елде өткен кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

Адам саны бойынша дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:

  • Қарақат Әбденге – 206 206 адам (2,6 пайыз);
  • Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 адам (2,22 пайыз);
  • Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам (3,42 пайыз);
  • Мерам Қажыкенге – 200 907 адам (2,53 пайыз);
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 456 392 адам (81,31 пайыз);
  • Салатная Тұрсынбековаға – 168 731 адам (2,12 пайыз);
  • Бәріне қарсымын графасы: 460 484 адам (5,8 пайыз).

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз