Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көктемнің алғашқы айындағы ұлттық мереке Наурыз мейрамымен барша қазақ халқын құттықтады.
Тоқаев twitter әлеуметтік желідегі парақшасында «Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әз-Наурызбен бірге шаңырақтарыңызға бақыт пен шаттық, бірлік пен татулық, ынтымақ пен құт-береке кірсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді.
Қазақ халқы Ұлыстың Ұлы Күнін ежелгі наным-сенімідерде наурыз айының алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол қой арқылы оны бағып жүрген қойшы ести алады деген екен. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген екен. Ұлтымыз бұл мейрамды Әз-Наурыз деп атауының себебі осыдан болса керек.
Көктемнің мерекесі, жыл басы, табиғаттың жаңаруы, жаңа күннің тууы, ұлтымыздың мерейін асқақтатар мейрам қарсаңында қазақстандықтар бес күн бойы, 21-25 наурызда демалады.