Қырғызстан мен Қазақстанның төрт облыстары өзара бауырлас келісімге қол қойды

0
236

Қырғызстан мен Қазақстанның төрт облыстары мен қалалары арасында бауырлас қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды АКИ press.

Қырғызстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше өзара бауырластық туралы келісімге қол қойған облыстардың ішінде Ыстықкөл және Алматы, Қырғызстанның Ош қаласы мен Қарағанды облысы, Талас – Жамбыл, Чуй – Оңтүстік Қазақстан облысы және екі мемлекеттің астаналары Бішкек пен Астана қалалары бар.

Қазақстан аумағында Астана, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз және Шымкент қалаларында Қырғызстанның 11 қоғамдық ұйымы тіркелген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз