“Қытай 2000 қазаққа өз аумағынан шығуға рұқсат берді”

0
118
Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Қытай Халық Республикасы елдегі 2000-нан астам қазақтарға өз аумағынан шығуға рұқсат берді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда. Олар әртүрлі себептерге байланысты Қытай аймағынан шыға алмай отыр. Біздің консулдар өз міндеттеріне сай ол азаматтарға көмек көрсетуде.

Бүгінде қытайлық тараппен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай Халық Республикасы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді»

Қытайдағы этникалық қазақтардың халі күннің басты тақырыбына айналғалы қашан. 2017 жылды сәйір айынан бастап қазақстандық БАҚ беттерінде Қытайдағы қандастардың қысымға ұшырағаны туралы жиі айтыла бастады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен Қазақстанға қоныс аударған қазақтар Қытайда қамалған туыстарына араша сұруда. Олар Қазақстан билігі мен халықаралық ұйымдардан Қытай билігінің туыстарын босатуына ықпал етуін өтінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз