Заңсыз митингілерге шыққандар жауапкершілікке тартылады – Бас прокуратура

0
210
дереккөзден

Бас прокуратура заңсыз митингілерге қатысқандардың жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары М.Ахметжановтың үндеуі ведосмстваның сайтында жарияланды.

“Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда.

Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде сараланатынын ескертеді.

Құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.

Осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайды.

Егерде бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылыққа   тартылады.

Бас прокуратура, еліміздің жоғарғы қадағалау органы ретінде, азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан тартынуға шақырады”, – деп хабарланады.

21 сәуірде белсенділер “Алматы марафон” тас жолына шығып “Шындықтан қашып құтылмайсың”, “#Менің таңдауым бар”, “#adilsailayushin” деген жазулары бар плакаттар ұстаған еді. Оларды полиция тұтқындады.

Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік соты Бейбарыс Толымбек пен Әсия Төлесованы 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Бұл шешімге олар аппеляциялық шағым түсіргендерімен, сот қабыл алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз