27 наурызда жердегі барлық электр жарығы сөнеді

0
662

27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында “Жер сағаты” бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан бір сағатқа электр қуатынан ажыратылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарау мақсатында ұйымдастырылған акцияда жыл сайын 180 елден миллиондаған адам 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей секілділер өз жарығын сөндіреді.

27 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да елордада келесі нысандардың жарығы өшеді:

Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа Орталығы, Мәңгілік Ел монументі (триумфалды арка), NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, Астана-Бәйтерек монументі, Talan Towers БО, “ҚТЖ” АҚ ғимараты, Нұр-Әлем сферасы, Хан ШатырСОО, “Ailand” ОДО, Mega Silk Way СОО, “Сары арқа” СОО, Назарбаев Университет, “Жекпе-Жек” СК, “Ақ Орда” Президент Резиденциясы, Хазірет Сұлтан мешіті, ҚР Ұлттық мұражайы, Шабыт шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Қазақ Елі монументі, Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты, сондай-ақ 150-ден астам тұрғын үй кешендері.


ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз