Журналист мінбері

0
574

28 маусым баспасөз және байланыс қызметкерлерінің мерекесі. Kazaknews.kz баспасөз және байланыс қызметкерлерін атаулы мейрамдарымен құттықтай отырып, отандық журналистикада өзіндік қолтаңбасы бар бірқатар журналистердің сұхбатын назарларыңызға ұсынады.

Сауытбек Әбдірахманов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, журналист
“Осыдан 28 жыл бұрын Қазақстанда БАҚ туралы заң қабылданып, ең алғаш рет цензура алынып тасталды. Сол күн кейін тәуелсіздік тұсында біздің кәсіби мерекеміз болып белгіленді, осыған байланысты өзіміздің қаламдастарымызды, әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстан тарихында БАҚ-тың атқарған рөлі елеулі. Біздің мемлекетіміздің мығым болып қалыптасуында, елдігіміздің орнығуында БАҚ қызметкерлері өздерінің салиқалы сөзімен, біздің халқымызға тән ұстамды мінезбен көп көмек көрсетті. Ең бір қиын жылдардың өзінде де біздің баспасөз, біздің телеарналар көршілес мемлекеттердегі сияқты артық илігуге, желеуге ұрынған жоқ. Біздің халқымыздың мінезіне сай келетін орнықтылық көрсетті. Және осының өзі біздің қазақстандық менталитеттің қалыптасуына игі ықпал жасады. Сондықтан, барлық істе журналистердің өзіндік рөлі бар дегенді қадап айтамын.”
Асқар Омаров – “Қазақпарат” ХАА басшысы
“Қазір дүниежүзілік ақпарат саласында тенденция болып жатыр. Әрқашан журналистика факультетінде  “кедергі келтірме! “, “нашар жасама!” деген басты принциптерді оқытатын. Қазір ақпарат таратудың бағыттары көбейіп кеткендіктен, мысалы, бұрын адам тәулікте бір отыз-қырық ақпарат алса, қазір оны санау мүмкін емес. Әр жерден қаншама ақпарат келеді. Аудитория шатасады, сосын сенімді ақпаратқа дефицит пайда болады. Сол кезде журналистің жауапкершілігі өте жоғары болады, сол сәтте журналист негізгі принципті ұстануы керек. Ең бастысы – “кедергі келтірме!” яғни қоғамға “кедергі келтірме!” .

 

Дархан Әбдік – журналист
“Журналистиканың өзінің міндеті, кәсіби талаптары бар. Бұл бірінші кезекте – объективтілік, қолдан келгенше көрерменіңе, оқырманыңа ақпарат беру. Сосын журналистиканы идеологияның құралына айналдырмау. Журналистикада әлбетте журналистің жеке пікірі де болуы мүмкін, өйткені әр түрлі журналистика бар. Ақпараттық журналистика бар, мұнда көбіне бейтарап қалуға тырысу керек, екінші жағынан публицистика бар. Публицист адам, авторлық бағдарлама жүргізетін адамның әлбетті өзіндік жеке пікірі болуы қажет “.
Мәди Манатбек, “Qazaq” радиоларының басшысы
“Журналист  қоғамға бей-жай қарамауы керек, қоғамға жаны ашуы керек. Қоғам деген ол тек тіл ғана емес, әрине қазақ тіліне жаны ашуы керек және елдің болашағын ойлауы қажет. Соған қатты алаңдауы керек. Бұл тақырыптар мені алаңдатады. Әрине журналист мобильді болуы қажет. Журналистің мобильді болатыны қолындағы смартфон-телефоны, фотоаппараты, бейнекамерасы дегендей. Яғни конвергентті журналистика. Журналист, соның ішінде тәуелісзі журналист бір газетке, телеарнаға байланып қалмағаны жөн деп санаймын”.
Зейін Әліпбек, журналист
“Журналистикада адамның біліктілігіне мән беремін, біліктіліксіз болмайды. Екіншіден, адамның болмысына да назар аударамын. Болмысы қандай, табиғаты қандай, әділеттілікті қаншалықты сүйетіндігі. Сосын еңбекқорлығын басшылыққа аламын. “
Мейіржан Әлібек, журналист
“Кәсіби журналистер мерекесі мінеки табалдырықтан аттап, төрге енді. Барша әріптестерімді шын пейілден мерекемен құттықтаймын! Әрқашанда Алаштың алғысын арқалап жүрейік, ешқашанда қарғыс арқаламайық. Халықтың батасы, халықтың шынайы жүрекжарды лебізі біздің тасымызды өрге домалатады, әрқашанда биікке көтереді. Әріптестер, мереке құтты болсын! Біз сіздерді жақсы көреміз, сыйлаймыз. Мереке құтты болсын! “

 

 

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз