Жыл басынан бері елордада 93 мың құқық бұзушылық тіркелген

0
72

Жыл басынан бері елордада шамамен 93 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды, Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде ұсақ бұзақылық 4 мыңнан аса, тыныштықты бұзу бойынша 6 мыңнан аса, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу 18 мыңнан аса, қоғамдық орындарда темекі шегу 15 мыңнан аса, абаттандыру ережесі бойынша 21 мыңнан аса, қоғамдық орындарда басқа адамдардың мазасын алған 2171 факті тіркелген.

236 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«ІІБ-ның басымдыққа ие бағыты қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтын алдын алу. Жыл басынан бері Астана көшелерінде, қоғамдық орындарда және де адам көп жиналатын орындарда қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге байланысты 217 жүйелі рейд жүргізілген», дейді ведомство хабарламасында.

Рейд барысында 10 659 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Полицияның ақпаратына сәйкес, қаламызда қоғамдық тәртіпті сақтауға күн сайын 1,4 мыңнан астам полиция және Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз