Министр: Қазақстанда локдаунды енгізу қарастырылмайды 

0
188
Photo: Turar Kazangapov

19 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда локдаун енгізу қарастырылмағанын хабарлады.

“Бүгінде ел ауқымында локдаунды енгізу жоспарланған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді”- дейді министр.

Омикрон штамының тез таралуына байланысты алдағы уақытта әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шектеу шаралары сараланып қолданылады. Кейінгі күндері коронавирустық инфекциямен ауыру 19,6 есеге көбейген. Алайда өлім саны азайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз