Жастар күніне арналған іс-шараларға 800 мың қазақстандық қатысады

0
233
фото: old.elorda.info

12 тамызда Халықаралық жастар күніне жоспарланған 200-ден астам онлайн-іс-шараға 800 мыңнан астам жастар қамтылады. Бұл туралы ақпарат министрлігі хабарлады.

Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында вакансия жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

“Еліміздің барлық өңірлеріндегі іс-шаралардың жас қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-консультациялар алады, сондай-ақ мотивациялық және құқықтық дағдыларды, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерді дамыту бойынша вебинарларға қатысады,”- делінген хабарламада

Халықаралық жастар күні – 12 тамызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке. 2000 жылдан бастап, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы жастар министрлерінің дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан бастап атап өтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз