12 тамыз – халықаралық Каспий күні

0
306
фото: silkadv.com / каспий теңізі

Бүгін – Халықаралық Каспий күні. Теңіз жағалауындағы 5 мемлекет: Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан атап өтетін экологиялық күн. Бұл туралы экология министрлігі хабарлады.

“Дәл осы күні 2006 жылы Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енді. Құжатқа Тегеранда қол қойылды”,- делінген хабарламада.

Бұл келісім, Каспий теңізі өңірін қорғауға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды және бұл үшін қажетті институционалдық тетіктерді құруды көздейді. Бұл күнді белгілеудегі мақсат – қарқынды дамып келе жатқан Еуразияның өнеркәсіптік, көліктік және курорттық орталығында табиғатты қорғау, осы саладағы 5 мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту және экологиялық білімді насихаттау.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз