Министрлік қант бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізді

0
157

12 тамызда сауда және интеграция министрлігі қант бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізді. Бұл туралы министрлік баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы және ағымдағы жылы қант қызылшасының төмен түсіміне байланысты ЕАЭО аумағында ақ қант тапшылығы күтілуде.

ЕАЭО елдерінде, сондай-ақ өзге де елдерде ақ қант өндірісі көлемінің төмендеуі 2020 жылы нақты тұтынушылар үшін тиісінше ақ қант пен шикі қант бағасының 50% – ға және 75% – ға өсуіне алып келді.

“ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 33 шешімімен Қазақстан Республикасы үшін 2021 жылғы 15 мамыр мен 30 қыркүйек кезеңінде ақ қант және/немесе шикі қантқа 134,4 мың тонна мөлшерінде квота бекітілді”,- делінген министрлік хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз