Ауғанстандағы жер сілкінісінің күші Қазақстанда сезілді

0
92

31 қаңтар сағат 13:30-да (Кабул уақытымен) Ауғанстан астанасы Кабулдан 275 шақырым жерде орын алған 7-8 балдық күшті жер сілкінісінің күші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде де байқалды.

АКИpress Қырғызстанның Ош және Баткен облыстарында Ауғанстаннан ойысқан жерасты дүмпуінің 2.5-3 баллдық күші сезілгенін мәлімдесе, Оңтүстік Қазақстан облысы Тараз және Шымкент қаласының тұрғындары да Астана уақытымен 12:56 минут шамасында жер сілкінісінің күші біршама байқалғанын Фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады.

«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінің мәліметіне сәйкес жер сілкінісінің күші Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 баллды құраған.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентте де Астана уақытымен екі минут аралықта 3 балдық жерасты дүмпуі сезілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз