13 наурызда Алматы түбінде алты жолаушы мінген ұшақ құлады. Алдын ала мәлімет бойынша құлаған – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы. Нақтыланбаған мәліметке қарағанда, ұшақта болғандардың төртеуі қаза тапқан, екеуінің жағдайы ауыр.
Алматы әуежайының Tengrinews агенттігіне хабарлауынша, “Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан Алматы бағытымен ұшқан АН-26 ұшағы қону кезінде құлаған”.
“Сағат 17:20-да байланыс үзілді. Бірден дабыл қақтық. Біздің барлық қызметіміз оқиға орнына жетті. [Ұшақ] ұшу-қону жолағына жетпей құлаған” делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ұшақ апаты Алматы облысы Қызылту ауылының маңында болған.
Әлеуметтік желіде ұшақтың құлаған сәтін көрсететін видеолар тарады.