Балабақшадағы баланы әкесі оңдырмай ұрған

0
61

Өзбекстандағы балабақшалардың біріне жас бүлдіршіннің беті мен көзі көгеріп келген. Кейіннен оны үйінде әкесінің ұрып-соққаны белгілі болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл зорлық-зомбылық оқиғасы Самарқанд облысының Үргут ауданында болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты аудандық ІІБ тергеу жүргізіп жатыр

Аталған оқиғаға қатысты, Өзбекстан Балалар омбудсмені пікір білдірді, деп хабарлады qalampir.uz. 

«Балаға қарсы мұндай әрекетке барғандар кім екеніне қарамастан жауапқа тартылады. Жағдай туралы қосымша ақпарат беріледі», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз