120 мың кофе сатып «kaspi red»-сіз тамақ ішпейтін мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

0
56

Әлеуметтік желіде «Aсар Уме» қоғамдық қоры мен «Urbo coffee» кофехана желісі бірігіп, сатылған 120 мың кофенің қаражатына мұқтаж отбасыға баспана алып берді.

Бұл туралы қоғамдық қор, өз әлеуметтік желісінде бөлісті.

«Бұл креативті экономиканың және бизнестің қайырымдылықпен қалай жұмыс істей алатынының көрдіңізбе. Сондай-ақ осы қуанышты оқиғаға себепкер болған әрбір сатып алушы мен клиентке алғыс айтамыз», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желідегі видеода, 5 баласы бар әйел адам, 17 жылдан бері пәтер жалдап тұрып жатқанын және күйеуінің 3-топ мүгедек екенін айтты. Өзі, аспазшының көмекшісі болып, отбасын асырап жүр.

«Өтірік айтпай-ақ қояйын, «Kaspi RED»- сіз тамақ ішіп көрмеппіз», – дейді әйел өз сөзінде.

Осылайша, қайырымдылық ұйымдастырушылары бұл отбасыға баспана сыйлады. Ол үшін 120 мың стақан кофенің сатылымынан түскен ақшаны қолданған.

«Негізі керемет сезім. Бұны әр кәсіпкер, әр ер-азамат сезінуі керек. Біз бұл мақсатқа қонақтарымыз және жұмысшыларымыз арқылы, 120 мың кофеден 100 теңгеден жинап, алты айда жеттік», – деп пікір білдірді «Urbo coffee» кофехана желісінің басшысы Дəурен Мұратханұлы.

Желідегі видеоның астына көрермендер де жағымды пікір қалдырып жатыр:

«Мен неге жылап отырмын? Қуаныштың, үлкен бақыттың, жүректен – жүрекке жететін жылулық пен мейірімділіктің куәлігінің көз жасы шығар»

«Үй алған, кофе алған, алуға себепші болған әрбір жанға Алла тағала мейірімін төксін!»

«Енді біз қай жерден кофе алу керектігін білеміз»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз