Сбербанк Жаңаөзендегі шабуыл жөнінде мәлімдеме жасады

0
7

3 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында төрт адам Сбербанк инкасатор көлігіне шабуылдап 62,5 миллион теңгені қолды етті. Бұл туралы Сбербанк баспасөз қызметі хабаралады.

Кешкі уақытта Сбербанк жанында тұрған инкасатор көлігіне “қылмыскерлер” “Nexia” автокөлігімен келген төрт адам пышақпен шабуыл жасайды. Сол сәтте көлікте банк ғимаратына кіріп кеткен жұмыстастарын күтіп отырған жалғыз инкасатор қызметшісі болады. Осы сәтті пайдаланған қылмыскерлер көлік ішіндегі үш қапшық және мультикассетаны алып қаша жөнеледі. Осылайша 62 532 542 теңге қолды болады.

“Алдын ала ақпарат бойынша, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Сбербанк жасалған қылмыстың тезірек әшкереленетініе, қаражат иелеріне қайтарылатынына және кінәлілер жазаланатынынан үмітті”, – деп хабарлады Сбербанк баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз