Қазақстандықтарға 25 желтоқсаннан вакцина егіле бастайды

0
119

Қазақстандық вакцина 25 желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге егіледі. Бұл туралы ел премьер-министрінің сөзіне сүйеніп Ақорда сайты хабарлады.

Асқар Мамин президент Тоқаевқа 29 қараша күні отандық вакцина клиникалық сынақтарының 1-ші және 2-ші кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеген.

Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталмаған және оның тиімділігі тіркелген. Вакцина 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде 3 мың еріктіге егіледі. Сынақ толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталмақ.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін 2 миллион отандық вакцина шығарылатыны туралы айтқан.

Тоқаевтың Ресей президентімен жасаған келісіміне сәйкес осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік “Спутник V” вакцинасының өндірісі басталады.

2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланған. Екпе ең алдымен дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылым қызметкерлеріне салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз