Африндегі операцияда 11 түрік әскері қаза тапты

0
74
дереккөзден

Сенбі Сириядағы Африн операциясы барысында қаза тапқан түрік әскерилерінің саны 11 адамға жетті.

Бұған дейін Түрік Бас штабы жеті әскеридің қаза тапқанын мәлімдеген еді. Олардың екеуі түрік-сирия шекарасында Хатай провинциясындағы тікұшақтың құлауы салдарынан жер құшқан.

Соңғы деректер бойынша, Африн операциясы басталғаннан бері 30 түрік әскері қаза тапты, 70-ге жуығы жарақат алған.

Еске салсақ, 20 қаңтар Түрік әскерилер Бас штабы ресми Анкара лаңкестер деп санайтын Африндегі күрд қарулы жасақатарына қарсы “Зәйтүн сабағы” операциясын бастағанын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз