Иран мәмілесі, Газа секторы: Мэй мен Нетаньяху кездесті

0
53
дереккөзден

Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Күн тәртібіндегі басты тақырып – Иран бойынша «ядролық мәміле» жайы. Екі мемлекеттің аталған жайтқа қатысты көзқарастары мен ұстанымдары әрқилы. Лондон АҚШ мәмілені тәрк еткеніне қарамастан, 2015 жылы бекітілген келісімнің күшінде қалғанын қалайды, Израиль келісімді қатаңдатуға ниет білдірді.

Өз кезегінде Т. Мэй келіссөздер барысында Газа секторындағы жағдайдың да талқыланатынын алға тартты. «Палестиналықтардың қаза тауып жатқаны алаңдатады», – дейді Мэй.

Бұдан өзге Мэй Лондон Израильдің өз-өзін қорғауын «сөзсіз қолдайтындарын» атап өтті.


Газа секторында 9 апта бойы жалғасып келе жатқан наразылық салдарынан 100-ден астам палестиналық зардап шекті.


Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді. BBC таратқан ақпарға сәйкес, Трамп АҚШ қаржы министрлігіне жақын арада Тегеранға қатысты санкцияларды қалпына келтіру туралы тапсырма міндеттеген. 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз