Макрон халқына: “Сіздерді ренжітіп алғанымды түсіндім”

0
90
Сурет: Reuters

Оқи отырыңыз: Парижде Эйфель мұнарасы уақытша жабылады

Франция президенті Эммануель Макрон билікке қарсы көшедегі наразылық акцияларынан кейін елдегі ең аз жалақына көтеретінін, салық төлемдеріне жеңілдік енгізілетінін мәлімдеді. Алайда, саяси қарсыластар басшының бұл жауабы жеткіліксіз екенін айтуда. Бұл туралы dw.com сайты хабарлады.

Дүйсенбі күні халыққа теледидардан сөйлеген президент Макрон ең төменгі жалақыға 100 еуро (42 мың теңге) көлемінде қосылатынын мәлімдеді. Ол Франция үшін «тарихи кезеңде» салық төлеуді қысқартуға және жалақыны көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.

“Біз экономикалық және әлеуметтік қауырт істерге салықты азайтып, жалақыны көтеріп табанды жауап қайтара аламыз, – деді Франция президенті. Сондай-ақ, ол жұмыс берушілерге жылдың соңғы салығын төлеуге шақырды.

“Сары жилеттілердің” 4 апта бойы билікке көрсеткен наразылығынан кейін президент күзет пен қоғамдық ғимаратқа шабуылдағаннан мәселенің шешілмейтіндігін айтты. Ол тыныштық сақтап сабырға келуге шақырды.

Сонымен қатар, президент Макрон ақырын ғана: “Сіздерді ренжітіп алғанымды түсіндім”, – деді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз