Ресей қазақстандық 5 кәсіпорынның тауарына уақытша шектеу қойды

0
30
Сурет: Kazakh TV

Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау федералдық қызметі (Россельхознадзор) Қазақстанның бес кәсіпорнының өніміне уақытша шектеу қойды. Бұл туралы 15 шілдеде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

“Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Қазақстанның бірнеше кәсіпорнының өнімдерін Ресей территориясына кіргізуге уақытша шектеу қоюға мәжбүр. Олар: “Өскемен құс фабрикасы” (өнім құрамында бір рет тетрациклин тобына жататын антибиотик, сальмонелл анықталған); “ADM Investment” (бір рет патогенді микроорганизм, оның ішінде сальмонелл анықталған); “Ордабасы-құс” (бір рет патогенді микроорганизм, оның ішінде сальмонелл, энрофлоксацин анықталған); “Парижская коммуна ХХ1” (бір рет Listeria monocytogenes анықталған); “Kazakh Osseter” (бір рет күшән (мышьяк) анықталған”, – делінген ақпаратта.

Россельхознадзор бұл әрекетін “2018 жылдың маусым айында Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау комитеті бірқатар ресейлік кәсіпорындардың өнімдеріне шектеу қойғанымен” түсіндіреді.

“Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен шешімде көрсетілген ветеринарлық бақылауға жататын өнімді я объектіні тексеру ережесіне қайшы. Қазақстандық әріптестер Россельхознадзордың ресейлік кәсіпорын өнімдеріне қатысты шектеудің алынып тастау мәселесіне қатысты әлі күнге жауап берген жоқ”, – делінген.

Азаттық сайтының хабарлауынша, Қазақстан ресейлік құс өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға енгізген шектеуді әлі алған жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз