Сауд Арабиясы: әйелдер көлік тізгіндейді

0
169
дереккөзден

Жексенбіден бастап саудиялық әйелдерге өз бетінше автокөлік тізгіндеуге рұқсат етілді.

Бұған дейін Сауд Арабиясы жер бетінде әйелдерге көлік тізгіндеуге мүмкіндік бермеген жалғыз мемлекет болды. Көлік тізгіндеуге тыйым салуды алып тастау тек өткен жылдың қыркүйегінде жарияланды.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, сауда-саттыққа жұбайларынсыз көлік тізгіндеп бара алатындарынан хабардар болған саудиялық әйелдер көлік жүргізу курстарына жазылуға асыққан.


Сауд Арабиясында соңғы жылдары консерватистік жүйеден ығысу үрдісі байқалады. Бұған дейін соңғы 40 жылда алғаш рет Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта сәрсенбіде бұқаралық кинокөрсетілім өтті. Осы жылдың сәуір айында ел тарихында алғаш рет әйел адамдардың төрт күндік сән апталығы өтті. Сондай-ақ Сауд Арабиясының астанасы әлемге ашық түрде Исламды қалыпты етуге ниетті екендерін жеткізген еді. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Корольдіктің астанасы Эр-Риядта ашылған шетелдік инвесторлар үшін өткізілген форумда «Сауд Арабия халқының 70%-дан астам тұрғындарының жасы әлі отызға толмаған. Тағы 30 жылымызды экстремистік идеялардың кесірінен жоғалтып алғымыз келмейді. Сол себепті біз оны (экстремистік идеяны) бүгін жоямыз», – деп мәлімдеген еді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз