«Ешбір елде эммиграция тұрғысында біздегідей «ақымақ» заң жоқ»

0
70

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп «MS-13» ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен өткізген дөңгелек үстел барысында өз елінің эммиграциялық заңдарын «әлемдегі ең ақымақ заң» деп атады. Бұл туралы The New York Times газеті хабарлайды.

Өз мәлімдемесінде Трамп: «Әлемнің ешбір елінде эммиграция тұрғысында дәл біздегідей «ақымақ» заң жоқ», – деді.

Трамптың айтуынша, мыңдаған мафиялық ұйым мүшелері тұтқындалып, жер аударылды, дегенмен кейбірі қайтарылған. Бұл АҚШ иммиграциялық заңнамасын өзгертпейінше жағдайдың жақсармайтынын көрсетеді.

АҚШ басшысы АҚШ-қа көшіп келушілерді, америкалық визаға үміткерлерді іріктеу үшін ұлттық орталық құруды тапсырды. Бұл Ақ Үйдің веб-сайтында жарияланған меморандумында көрсетілген.

Меморандумда «Үкіметке министрліктер мен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін тұлғаларды анықтау үшін барлауды пайдаланатын АҚШ-тың атқарушы органдарының жұмысын жақсарту қажет», делінген.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз